Осман ибн Аффан (араб.:عثمان بن عفان) (т. ж. б. - 656) - Араб халифатының үшінші халифы, Мұхаммедтің сенімді серіктерінің бірі әрі ізбасары. Ол басқарған кезеңдехалифат жері едәуір кеңейді. «Құранның» ресми нұсқасы Ғосман халифтің тапсыруымен құрастырылған. Ислам тарихын жақсы білген Абай өзінің дін уағыздары мен оны тұтыну жолдарын талдауға арналған Отыз сегізінші сөзінде дін жолын ұстау - дүниеден безу еместігін дәлелдеу үшін: «Бірақ әулиелердің бәрі бірдей тәркі дүние емес еді. Ғашәрән - мүбәшәрәдан қазірет Ғосман, Ғабдурах- ман ибн Ғафур уа Сағид ибн Әбу Уақас үшеуі де үлкен байлар еді» деген дерек келтіреді.2 Осман (Оспан) Аффанұлы (574 - 656) - мұсылман әлеміндегі әділетті төрт халифаның үшіншісі. Меккеарабтарының Омея әулетінде дәулетті отбасында дүниеге келген. Ол Пайғамбарымыздан (с.а.у.) алты жас кіші. Әкесі Аффан саудамен айналысатын бай кісі болатын. Әкесінен Османға мирас ретінде көп байлық қалды. Осман да әкесі секілді саудамен айналысты. Ол көп табыс тапты. Қолындағы мүмкіндіктерді пайдаланып, халқына үнемі жақсылық жасаған. Сондықтан халық Османды жақсы көріп сыйлайтын. Оның жәһилия дәуіріндегі өмірі жайлы жеткен мәліметтер осы ғана. Оның жәһилия кезіндегі өмірі де басқа сахабалардікіндей еді. Сахабалардыңмұсылман болмастан бұрынғы өмірлері жайлы мәліметтер толық болмағанмен мұсылмандықты қабылдағаннан кейінгі үлгі-өнегеге толы өмірлері жайлы мәліметтер сақталып, біздің заманымызға дейін келіп жетті. Оларды өмірге қайта әкелген Ислам еді. Міне, осының нәтижесінде сахабалардың жарқын өмірлері тарихта алтын әріптермен нақышталды. Пайғамбарымыздың жәннатпен сүйіншіленген үшінші халифасы - Осман (р.а.) әдептілік пен ар-ұяттың жарқын үлгісі. Оның табиғаты өте жұмсақ, көркем мінезді және турашылдықпен біртұтас болып кеткен. Ол 34 жасыңда мұсылман болды. Жас, ықпалды саудагердің өзі бойына жарасымды салмақты мінезі де бар Османның мұсылман болғанын естіген немере ағасы Хакам ибн Әбул Ас ашудан жынданып кете жаздады. Оны бір діңгекке байлап: «Бұл дінді тастап, аталарыңның дініне қайта оралмайынша саған тамақ жоқ», - деді. Осман «Аллаһқа ант етемін, бұл діннен бет бұрып аталарымның дініне қайтпаймын» деп ажалдан да қаймықпайтынын айтты. Бұған көздері жеткен туыстары ара түсіп, оны құтқарып қалды. Ислам келмес бұрын Әбу Ләхәбтің ұлы Ұтба Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қызы Рұқияға үйленген еді. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жаңа бір дінді уағыздағанын естігеннен кейін Ұтба Пайғамбарымызға (с.а.у.): «Сенің қызыңды да, уағыздаған дініңді де қаламаймын», - деп хазіреті Рұқиямен ажырасып кетті. Осман (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.а.у.) Рұқияны өзіне некелеп қосуын өтініп, оған үйленеді.

Теги других блогов: Ислам Осман ибн Аффан халифа